$448.61 €503.83 ₽5.48

Шатырдан табылған бума-бума ақша үй иесіне берілді

Шатырдан табылған бума-бума ақша үй иесіне берілді

Шатырдан шыққан бума-бума ақша үй иесіне қайтарылды. Еске салайық, Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты ауылдардың бірінде там төбесінен сөмкелер мен бірнеше пакетке салынған мол ақша табылған болатын.  Мол байлықты  жалғызбасты әйелдің  баспанасын   жөндеп жатқандардың бірі алғаш боп көрген. Олар бірден тиісті орындарға хабар беріп, мән-жайды әлеуметтік желіде де жариялады. Полиция  мән-жайды анықтады. Бұл   зейнеткердің жылдар бойы жинаған қаражаты  екені расталды. Шамамен -6 миллион теңге. Кейуана енді бұл ақшаны банкте сақтайтынын айтқан.