$448.61 €503.83 ₽5.48

Жамбыл облысында  50 әже бір мезетте бесік тербетіп, әлди айтты

AstanaTV
22.10.2026ж. 19:00
Жамбыл облысында  50 әже бір мезетте бесік тербетіп, әлди айтты

Жамбыл облысында республика күніне орай керемет іс-шара өтті. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың ауылында ақ кимешек киген 50 кейуана бір мезетте бесік тербетіп, әлди айтты.

Шәкен Ниязбеков -өзге мемлекет туларының ішінде ерекшеленіп тұратын, көп ел қызығатын көк туымыздың авторы. Оның ауылы «Республика күнін» өзгеше форматта атап өтуде.  Қаз-қатар киіз үй тігіліп, қол өнерімізден көрме ұйымдастырылып, ұлттық такамға толы дастархан жайылды. Мерекелік шараға жиналғандар көтеріңкі көңіл күйде жүрсе,   балалар алтыбақанда тербеліп,  мәре-сәре болды. Ең ерекшелігі 50 әже бір мезетте бесік тербетіп, оның маңыздылығын жастарға түсіндірді.  

ШАПАҒАТ БАЙЫСБАЕВА, Ш.НИЯЗБЕКОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аяқтарын қатты байлап жылы ұстағаннан кейін бұлардың аяқтары да сондай әдемі болып өскен. Сол баланың бәрін осы бесікте бөлеп, бесіктен денсаулығын жақсы қылып өсіріп осы балаларды. Ешқандай да дисплазия болмаған.  

Ауыл апалары киіз басып, жүн түту, қалай диірмен тарту керек екенін көрсетті. Құрақ көрпелерін көрмеге қойды. Жігіттер жағы түйеден бастап төрт түлігімізден сән үлгісін көрсетті. Балалар асық атып, арқан тартып, домбыра шетті. Ал келіндер ұмыт болған ұлттық тағамдарды ұлықтады.

ДИНАРА БҮРКІТБАЕВА, Ш.НИЯЗБЕКОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы торкөз өрімді қайта жаңғырту мақсатында өріп, кішкентай ұрпақтарымызға көрсетіп жатырмын. + Қазы жарылмау мақсатында және де дастарханда әдемі көріну үшін қонақтарға ас бергенде әдемі көріну үшін өріледі.

Ауыл тойында қазан қайнап, ұлттық тағамдар дайындалды. Енді республика күніне дейін ауданда апта бойы түрлі іс-шаралар легімен жалғасады.  

МАҚПАЛ ДОСЫМБЕКОВА, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы республика күніне бізде 50ге жуық іс шара өтеді. Әрбір ауылдық округте сонымен қатар + аудан орталығында. Және де екі әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі.

Мерекелік шара «Ауылым алтын бесігім» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл игі бастама Жамбыл ауданының барлық ауылдарында ұйымдастырылады. Жыл соңында үздік ауылдар марапатталмақ.