$447.94 €502.32 ₽5.52

Қар мен көктайғаққа байланысты жол жабылды

Қар мен көктайғаққа байланысты жол жабылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

ШҚО мен Қарағанды облысында автожолдарда қозғалыс шектелді

Қолайсыз ауа райы қар мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 1 автожол учаскесінде көлік қозғалысы жабылып, шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Astana TV.

ШҚО:

«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары»;

«Өскемен - Риддер - РФ шекарасы»;

«Өскемен - Тарғын - Самарское».

ШҚО және Қарағанды облысы:

«Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы»;

«Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз».

ТЖМ жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, енгізілген шектеулерді сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады.