ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам эвакуацияланды
Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істеп жүрген энергетикалық компанияның жеті қызметкері екі автокөлікпен қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен келген құтқарушылар жеті адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ ескертеді: ауа райы жағдайын ескеріңіздер, дауылды ескертулерді қадағалаңыздар және қыс мезгілінде жолға шығар алдында құтқарушылардың ұсынымдарын орындаңыздар.