$447.94 €502.32 ₽5.52

Алматыда 70-тен астам велошабандоз көк туды желбіретті

Алматыда 70-тен астам велошабандоз көк туды желбіретті
Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Республика күні қарсаңында «Көк Туым – мақтанышым!» атты патриоттық велошеру өтті

Оған 70-тен астам жас велосипедші қатысып, Қазақстанның мемлекеттік туы мен жалаушаларын желбіретіп, қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды Astana TV.

Велошеру көшін Алматы символдарының бірі саналатын қар барысы бейнесіндегі «Қожа» кейіпкері бастады. Ол арнайы жабдықталған пикап көлігімен қатысушыларға жол көрсетті. Оның соңынан мемлекеттік туды ұстаған велосипедшілер ілесті.

Жастар бұл бастама арқылы ел тәуелсіздігіне, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді.