$447.94 €502.32 ₽5.52

Қызылордалық жастар «Менің елім – менің туым» акциясын ұйымдастырды

Қызылордалық жастар «Менің елім – менің туым» акциясын ұйымдастырды

Көк байрақ көкке көтерілді. Қызылордалық жастар көпқабатты ғимараттың сыртына  еліміздің Туын ілді. Бұл елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен Отанға деген құрметтің белгісі дейді ұйымдастырушылар. «Менің елім – менің туым» акциясы «Әділет» партиясы ЖҚ облыстық филиалының бастамасымен өтті. 

ЖАНЕРКЕ ҚУАТБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:

Басты мемлекеттік туымызға деген құрметті арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және елімізге деген мақсаныш сезіміін нығайту. Бүгінде «Әділет» партиясы жастарының ұйымдастыруымен бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асуда.