$447.94 €502.32 ₽5.52

Қар құрсауынан жеті адам құтқарылды

AstanaTV
23.10.2026ж. 19:00
Қар құрсауынан жеті адам құтқарылды

Қар құрсауында қалған жеті адам құтқарылды.  Электр желілерінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлер екі автокөлікпен қарға кептеліп қалған. Оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен жеткен құтқарушылар азаматтарды эвакуациялады. Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында қозғалыс уақытша тоқтап, кейін қайта ашылды. Қазір қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің республикалық маңызы бар трассаларға шығуына шектеу қойылды.

НҰРСҰЛТАН БАЙМҰХАН , “ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰК” АҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:

Биылғы қысқы кезеңнен бастап республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жалпф 25 уақытша шектеу қойылды. Қазір бүкіл автомобиль жолдары ашық. Тек Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен -Риддер - РФ 15 - 105 шақырымына дейін жазғы шинамен жабдықталған көліктерге шектеу сақталуда