$447.94 €502.32 ₽5.52

Қазақстан әскерінде сарбаздардың құқығын қорғайтын жаңа қызмет құрылады

Қазақстан әскерінде сарбаздардың құқығын қорғайтын жаңа қызмет құрылады

Қазақстан әскерінде сарбаздардың құқығын қорғайтын жаңа қызметтер пайда болуы мүмкін. Әскери кеңесшілер мен арнайы уәкілдер сарбаздардың шағымдарын тыңдап, олардың мәселелерін шешуге көмектеседі.  Бұл әскердегі әлімжеттіктің алдын алып, сарбаздардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ жастарды әскерге ерте жастан дайындауға басымдық берілмек. Ол үшін «Жас айбын» әскери-патриоттық даярлық жүйесі дамытылып, әскери мектептердің саны көбейеді. Мамандардың пікірінше, мұндай өзгерістер жастардың әскери дайындық деңгейін арттырып, әскердегі тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.

АМАНГЕЛДІ ҚҰРМЕТ, ӘСКЕРИ САРАПШЫ:

Бұл жоба әрі қарай жетілдіріледі, реформа мәселесі, бүге-шүгесіне дейін қарастырылады. Бюджеттен бөлінетін қаржысы ескеріледі. Қару-жарақ, техника жабдықтардан бастап, ненің қажет, ненің қажет емес екені жалпы пысықталады. Сондықтан біз қазір осы реформаның басталғанының өзін үлкен олжа деп бағалауымыз керек.