$447.94 €502.32 ₽5.52

Астанада коммуналдық қызметкерлер марапатталды

AstanaTV
23.10.2026ж. 19:00
Астанада коммуналдық қызметкерлер марапатталды

Елордада қысқы маусымға дайындық жұмыстары пысықталды. «Астана Тазалық» серіктестігінде қыс мезгілінде пайдаланылатын арнайы техникалардың дайындығы көрсетіліп, коммуналдық сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Бұл жандардың еңбегі ерен. Таңмен таласа тұрып, көшелердің тазалығы үшін тыным таппайды. Республика күніне орай ұйымдастырылған бүгінгі іс-шарада үздік коммуналдық сала қызметкерлеріне қала әкімі атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар берілді.

ПЕРНЕБЕК ҚАНТАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Өзім жұмысыма тиянақтымын. Жұмыс жақсы. Алда қыс келе жатыр. Дайындықтар болып жатыр. Жақсылап атсалысамыз.

Қысқы маусымда «Астана Тазалық» мамандары елорданың бес ауданында жұмыс істейді. Қазір компанияның 350 арнайы техникасы дайындық сапында. Сондай-ақ 700-ден астам жол жұмысшысы мен 800-ден астам көлік жүргізушісі қысқы кезеңдегі жұмыстарға жұмылдырылады.

АЛЬБЕРТ ЕСАЛИЕВ, "АСТАНА ТАЗАЛЫҚ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы 1500-дай адам екі ауысымда жұмыс жасайды. Қысқы техникалардың жөндеу жұмыс бар, қала әкімінің қолдауымен қосылып жатқан техникалар бар. Нақты бізде тапсырмалар бар. Қай жұмысқа шығу керекпіз, қалай сапалы жұмыс жасау керекпіз. Көптеген параметрден тұратын талаптарымыз бар.

Қысқы кезеңде жұмыстың сапасын бақылауға цифрлық жүйелер де мүмкіндік береді. Арнайы техникалардың қозғалысы электронды жол парақтары арқылы бақыланады.