$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда көп қабатты үйде 20-дан астам пәтер өртеніп кетті

AstanaTV
05.04.2018ж. 20:00
2852
Алматыда көп қабатты үйде 20-дан астам пәтер өртеніп кетті

Алматыда алапат өрт. Көп қабатты үйден шыққан өрттен 20-дан атсам пәтер күлге айналды. «Көкжиек» шағын ауданындағы 5 қабатты үйдің төменгі қабатынан басталған өрт үстіңгі қабатқа жайылған. Салдарынан мансарда есебінде салынған пәтерлер мен шатыр жарамсыз болып қалды. Мемлекеттік бағдарламамен салынған баспаналардың ең соңғы қабаты ағаш материалынан салынғандықтан, ол жалынның өршуіне себеп болды,- дейді төтенше жағдай мамандары.

Оқиға орнынан 300-ден астам адам, оның ішінде 52 бала сыртқа шығарылды. Өрт күндіз тұтанғандықтан, адамдар дер кезінде шығып үлгерген. Өртті сөндіруге 25 техника мен 90 құтқарушы жұмылдырылған.

Асқар Жаманқұлов, Алматы қаласы ТЖД жедел көмекшінің орынбасары:

Қазіргі таңда өрттің жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Бұл қазіргі кезде нақты площадь емес, өрт оқшауланды қазіргі таңда. Қазір тек қана құрылғыларды ашып, толық сөндірумен айналысып жатыр жеке құрам. Алтыншы этаж бұл жерде мансардты этаж болып есептеледі. Мансардты этаждың конструктивті особенность дейміз ғой, сол бойынша өте жанғыш келеді.