$451.05 €504.95 ₽5.6

Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
ҚР ҰОК

60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық балуанды 4:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алу үшін күреседі, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Әзербайжан өкілі Мурад Маммадовпен кездесті.

Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Екінші үш минуттық кезеңде Айдос Сұлтанғали басымдыққа ие болып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.