$451.05 €504.95 ₽5.6

Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды

25.10.2026ж. 17:31
Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федарациясы

Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған және жарыста бірінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездесті, деп хабарлайды Astana TV.

Шешуші матчта Рыбакина қарсыласынан айқын басым түсіп, екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

 Осылайша Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде екінші жыл қатарынан чемпион атанып, былтырғы жетістігін қайталады.