$451.05 €504.95 ₽5.6

«Ордабасы» екінші мәрте чемпион болды

25.10.2026ж. 20:10
«Ордабасы» екінші мәрте чемпион болды
Фото: kffleague.kz

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында топ жарып, чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды Astana TV.

Басты қарсыластары – "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталып, шымкенттік ұжымға маусымның аяқталуын күтпей-ақ мерзімінен бұрын чемпион атануға мүмкіндік берді.

Бұл – "Ордабасының" өз тарихындағы екінші жеңісі. Осыған дейін шымкенттік клуб алғаш рет 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанған болатын