Астаналық балуан Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жүлде қоржынын толықтырды, деп хабарлайды Astana TV.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде Әзербайжан балуаны Хасрат Джафаровты 7:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Осыған дейін Бағдат ширек финалда Иран өкілі Саид Эсмаилиге есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы финалға шыққандықтан, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезеңде Қытай балуаны Цзинь Синьсиньді 8:5 есебімен жеңіп, қола медаль үшін күресуге жолдама алды.