Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайдағы әлеуметтік білім колледжі лицензиясыз жұмыс істеген

AstanaTV
06.04.2018ж. 20:00
3299
Қостанайдағы әлеуметтік білім колледжі лицензиясыз жұмыс істеген

Қостанайдағы әлеуметтік білім колледжі бір жылдан бері студенттерді заңсыз оқытып келген. Біліктілік талаптарын орындамағаны үшін оқу орны лицензиясынан айрылған. Бұл жайында білім саласын бақылау департаментінің маманы айтты. Жоспардан тыс тексеру кезінде колледждегі  бірқатар кемшіліктерді 6 айдың ішінде түзетуге нұсқау берілген. Ескертуді ескермеген колледж басшылығы былтыр сот шешімімен лицензиясынан айрылып, қомақты айыппұл төлеуге міндеттеліпті.

Жұлдыз Аужанова, Қостанай облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы:

Жұмыс оқу жоспарының, оқулықтардың болуы жағынан, тамақтану объектісі және де жылжымайтын мүлігіне басқару құқығы болуы керек еді. Сол фактілер анықталған соң департамент қызметкерлерімен әкімшілік іс қозғалып, материалдар мандандырылған қалалық сотқа жіберілді.

Ал колледж директорының айтуынша, былтырғы қазан айынан бері лицензияны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жүр. Білім беру ережесіне сәйкес, құжат тапсырылған күннен бастап колледждің лицензиясыз қызметі кейінге шегерілуі тиіс, деп түсіндірді. Қазір  мұнда сексенге жуық студент қалған. 54 шәкірт басқа білім ордасына ауысыпты. 

Мәрияш Қадыралинова, Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры:

Бұл мәселені шешемін. Білім саласында 40 жыл еңбек етіп келем. Өзім барлық жауапкершілікті мойныма алам, әрине, құрылтайшы ретінде, директор ретінде.