$457.09 €508.42 ₽5.67

Алматы облысында екі дүкен өртенді

28.10.2026ж. 21:39
Алматы облысында екі дүкен өртенді
фото: ТЖМ

Талғар ауданының Жаңалық ауылында бір қабатты екі дүкеннен өрт шықты. Оның бірі – азық-түлік дүкені, екіншісі – жылыту қазандықтарын сататын дүкен, деп хабарлайды Astana TV. 

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде екі ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт жедел сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 256 шаршы метр болды.

"ТЖМ қызметкерлері көлемі 25 литр болатын газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтап қалды", - делінген хабарламада.