Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаттары Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіруді жалғастыруда

AstanaTV
06.04.2018ж. 20:00
2599
Мәжіліс депутаттары Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіруді жалғастыруда

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы туралы мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысында орналасқан цемент зауыты жұмысшыларымен кездесу кезінде сөз етті. 2014 жылы ашылған кәсіпорында өндіріс бастан аяқ автоматтандырылған. Жылына 800 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Алайда зауыт өз әлеуетін толық жүзеге асыра алмай отырған көрінеді. Ішкі нарықта Ресей мен Иран кәсіпорындарымен бәсекелесу қиынға соғуда. Депутаттар аймақ үшін бұл зауыттың маңыздылығына тоқталды. 

Ирина Унжакова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз Ресейге цемент экспорттаған кезде, олар қосымша сертификаттар талап етеді. Сол арқылы өз тауар өндірушілерін қорғап отыр. Ал Ресей мен Иран өнімі біздің нарықта кедергісіз сатылуда. Жергілікті цемент зауыты өз әлеуетін 60 пайызға ғана жүзеге асыра алады. Бұл инвестиция тартуға жайлы аймақ. Сондықтан бизнес кедергісіз дамуы тиіс.

Солтүстікқазақстандықтар Елбасы тапсырмасымен қолға алынғалы отырған "7-20-25" бағдарламасы бойынша мәселені көлденең тартты. Мәжілісмендер ауыл тұрғындары да тыс қалмауы тиіс, деп есептейді. Аққайың ауданындағы аграрлық колледжде болған кездесуде осы жәйттер қамтылды. Оқу орны кəсіпорындарға маман даярлайды. Мекеме басшысы жастардың қалаға көптеп ағылатынына алаңдаулы.

Қанат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бизнесті тежеп жатқан проблемалар баршылық. Қазір несие рәсімдеу үшін 14 түрлі құжат қажет. Оның барлығын жинап болғанша, кәсіпкер айнып қалуы мүмкін. Сондықтан құжаттар тізімін қысқарту керек.