Астана қаласында еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финал белдесулері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Astana TV.
Екі әлем чемпионы - Нұрқожа Қайпанов пен Ёшинасуке Аояги 74 кг дейінгі салмақтағы финал жолдамасын сарапқа салды. Тартысты белдесуде отандасымыз жапон палуанынан басым түсті.
Бұл салмақтағы финалдар бірінші қарашаға жоспарланған.
Еске сала кетейік, Нұрқожа мен Ёшинасуке 2024 жылы күзде Тирана қаласындағы әлем чемпионатының финалында күш сынасып, Қайпановтың мерейі үстем болған.