Шымкентте TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен үш бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың екеуі бес тәулікке қамалса, үшіншісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Astana TV.
Полиция қыздардың әрекетін әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған. Олар тікелей эфирде балағат сөздер айтып, кальян шеккен.
Құқықбұзушылыққа қатысы бар 18, 19 және 20 жастағы үш бойжеткен полиция бөліміне жеткізілді. Оларға «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен екі қыз бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, үшіншісіне айыппұл салынды.