$453.64 €508.17 ₽5.59

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
 

– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.