$453.26 €506.7 ₽5.58

Оралда автобусқа жабысып жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Оралда автобусқа жабысып жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
Polisia.kz

Оралда автобусқа жабысып жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Орал қаласындағы Абай даңғылында үш жасөспірім №22 бағыттағы автобустың артқы бөлігіне жасырын жабысып, аяқтарын көлік бөлшектеріне тіреп, жүріп келе жатқан автобусқа ілініп бара жатқан, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл — адам өміріне қауіп төндіретін аса қауіпті әрекет. Абырой болғанда жасөспірімдер зардап шеккен жоқ. Оқиғаны білген бойда полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдап, бейнежазбаларды аумақтағы мектептердің полиция инспекторларына жолдады. Нәтижесінде мектеп инспекторы өзіне бекітілген мектептің оқушылары екенін таныды. Олар қала мектептерінің бірінде білім алатын 8-9 сынып оқушылары болып шықты. Полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын мектепке шақырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертті.

Аталған жағдайға байланысты кәмелетке толмағандардың ата-аналары заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Жүріп келе жатқан автобусқа немесе басқа да көлік құралдарына жабысып жүру — өте қауіпті әрекет. Көлік кенеттен тоқтаған немесе бұрылған жағдайда жасөспірімдер жолға құлап, ауыр жарақат алуы немесе қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін. Бір сәттік қызығушылықтың соңы орны толмас өкінішке айналмасын!