$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ресейдегі жағдайға қатысты Үкімет пен Ұлттық банк қосымша жоспар әзірлемек - Т. Сүлейменов

AstanaTV
10.04.2018ж. 20:00
3185
Ресейдегі жағдайға қатысты Үкімет пен Ұлттық банк қосымша жоспар әзірлемек - Т. Сүлейменов

Ресейдегі санкция салдары ауырлай түсуі мүмкін. Осыдан қауіптенген Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп қосымша жоспар әзірлемек. Бұл туралы бүгін мәжіліс қабырғасында 2018-2020-шы жылғы республикалық бюджетті таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Министр мұндай тапсырманы экономикалық саясат кеңесінің қорытындысынан кейін премьер-министр жүктегенін айтты. Десе де қазір бюджет жобасындағы доллар бағамы өзгермейді. Ол 340 теңге болып белгіленген.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бізде курс әзірге өзгерген жоқ. 340 теңге деп сақталып тұр. Ресейде бұл оқиға қатысты дүмпу байқалғаны рас. Бұл көбінде психологиялық эффектісін байқатады. Санкция салдарын кемі 3 күн бақылап көру керек. Ресейдің әрекеті қаншалықты тиімді болатынын байқаймыз.

Ал, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов болса, көршілес елде жағдай құбылып, рубль құнсыздана берсе, Үкімет бюджетті қайта қарауы мүмкін екенін айтты.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Біз бүгін Ресейдегідей болуы мүмкін деген қиын мәселенің жолдарын анық байқай алуымыз керек. Бізде бюджетті нақтылайтын уақыт қашан да табылады. Егер қажет болса, қайта қарауға кедергі жоқ.