$451.87 €507.31 ₽5.53

АҚШ-та тасқыннан 8 адам қаза тапты

06.11.2026ж. 09:02
АҚШ-та тасқыннан 8 адам қаза тапты
© Insatagram/@malloryurb

АҚШ-тың оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысын су басып, Теннесси, Флорида, Аризона және Невада штаттарында 8 адам көз жұмған. Тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Аризона, Колорадо және Нью-Мексикода бір тәулікте екі айлық жауын-шашын мөлшері түскен. Флоридада 60 см-ге дейін жаңбыр жауып, Мельбурнде соңғы 89 жылдағы рекордтық су тасқыны тіркелді.

7 округте төтенше жағдай жарияланды. Жолдар мен көліктерді су басып, Джорджия мен Теннесси шекарасында жойқын сел жүрген.

Тұрғындар тікұшақтар мен арнайы қайықтардың көмегімен эвакуацияланып жатыр. Көптеген адам баспанасыз қалды.