Алматыда «Әділет» партиясының мүшелері IT саласының өкілдерімен кездесіп, Жолдаудың басым міндеттері түсіндірілді. Кездесуде цифрлық трансформация, инновациялық шешімдерді енгізу, жасанды интеллектіні дамыту және заманауи технологияларды экономиканың түрлі салаларында қолдану мәселелері талқыланды.
НҰРЖАН БАУЫРЖАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жолдауды мұқият қарап, тыңдап, келесі қандай мамандық және қандай жобаларға кірісуге болатынын көруге болады.Жастарға, студенттерге ол енді дорожная карта сияқты ғой. Қай салаға барып, енді әсіресе қазір адами капитал үлкен мәселе. Енді специалисттер, IT саласына специалисттер өте қажет.
Ал Түркістанда әділеттіктер еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында Жолдаудағы ел экономикасын әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру және заманауи технологияларды өндіріске енгізу мәселелері сөз болды. Партия өкілдері отандық кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі мен өндіріс көлемін ұлғайтудың өңір экономикасын дамытудағы маңыздылығына тоқталды.
БАЗАРБАЙ АЙТБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:
2027 жылды микро және шағын кәсіпкерлерге үкіметке тапсырма берді мораторий жариялауды.+ 22.19.37- Болашақта отбасына, қоғамға жұмыс орнын ашуға бұл мораторий қоғамға қажет еді. Себебі адам жалтақтамай, осы Президентіміздің саясаты негізінде өз кәсібін ашып, себебі атап өтетін жағдай Сайрам ауданында ерекшелігі, бізде 7 колледж бар. +Бір жылда төрт мыңға жуық маман иелері қоғамға араласады. Сол маман иелерінің әрқайсысы өзінің мамандығына сай кәсіп ашады.