Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Банктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша несиені жылдың екінші жартысында бере бастайды - Ақышев

AstanaTV
11.04.2018ж. 20:00
2385
Банктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша несиені жылдың екінші жартысында бере бастайды - Ақышев

Ақша айырбастауда асығыс шешім қабылдамаған дұрыс. Ұлттық банк төрағасы халыққа осындай кеңес айтты. Данияр Ақышевтың пікірінше, санкцияның Қазақстанға тікелей немесе жанама қатысы жоқ. Сондықтан жағдай қалпына келеді деп болжайды. Өйткені мұнай бағасы жоғары әрі тұрақты. Дегенмен АҚШ Ресейге салынған санкцияны қатаңдатуы мүмкін деген де ақпар бар. Үкімет пен Ұлттық банк бұған қатысты жоспар құруды сенбіде қарайды.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

Айырбас бағамы құбылмалы кезеңде Ұлттық банк отандық компаниялар мен халыққа асығыс шешім қабылдамауды ескертеді. Аяқасты қабылданған шешім кейін шығынға батыруы мүмкін. Теңге әлсіреп, немесе нығаюы да ықтимал. Мұнай бағасының жоғарылығы мен басқа факторлар теңгенің нығаю мүмкіндігі барын көрсетеді. Нарықта ұсыныс пен сұраныста баланс бар. Елде Ресейдегідей өзгеріс боларына ешбір себеп жоқ. 

Ұлттық банк валюталық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасын жыл соңына дейін жүзеге асырамыз деп үміттенеді. Осылайша 2016 жылға дейін доллармен ипотека алған біраз адамның қарызы азаймақ. Ал екінші деңгейлі банктер "7-20-25" бағдарламасы бойынша несиені биылғы жылдың екінші жартысында бере бастайды. Бас банкир ипотекаға қажет бастапқы жарнаны Зейнетақы қорынан алу ұсынысын қолдамайтынын айтты.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

Ол сәтті жүзеге асып, дұрыс жұмыс істеуі үшін заңдарды өзгерту керек. Оған қатысқысы келетін банктер негізгі операторлар болады. Бағдарлама көңілдерінен шығатынын және оған дайын екендерін білдірді. Банктер 2018 жылдың екінші жартыжылдығында өнімді ұсынуы үшін барлық тетіктерді қарастырып жатырмыз.