$447.14 €499.54 ₽5.46

Астанада Есілден ер адамның мәйіті табылды: полиция тергеуді бастады

Астанада Есілден ер адамның мәйіті табылды: полиция тергеуді бастады
polisia.kz

Астанадағы Есіл өзенінен 56 жастағы қала тұрғынының денесі табылды. Қазір полиция оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде тараған. Желі қолданушысы Айтматов көшесіндегі көпірдің астынан, Kolsai тұрғын үй кешенінің маңынан мәйіт табылғанын жазған.

Астана қаласының полиция департаменті бұл деректі растады. Құқық қорғау органдары марқұмның кім екенін анықтаған.

Полицияның хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.