$447.14 €499.54 ₽5.46

Шетелдік онлайн-казиноларға 191 миллиард теңге аударған күдіктілерге қатысты тергеу аяқталды

AstanaTV
09.11.2026ж. 19:00
Шетелдік онлайн-казиноларға 191 миллиард теңге аударған күдіктілерге қатысты тергеу аяқталды

Шетелдік интернет-казиноларға 191 миллиард теңге аударған топтың әрекеті әшкереленді. Олар үш компанияның төлем жүйесін пайдаланып, 286 миллион теңге комиссиялық табыс тапқан. Күдіктілер қаражатты шетелге криптовалюта арқылы жіберген. Қылмысты ұйымдастырған күдікті қамауға алынды. Сот шешімімен төрт көлік пен 103 миллион теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданған. 

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСИ ӨКІЛІ:

Ақшаның қандай мақсатқа аударылғанын жасыру үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің деректемелері пайдаланылған. Кейбірі өз деректерінің пайдаланылғанынан бейхабар болған. Олардың атына интернет арқылы төлем қабылдайтын терминалдар тіркелген. Ал жалған шарттар мен арнайы жасалған сайттар арқылы ақша тауарлар мен қызметтердің ақысы ретінде төленгендей көрсетілген.