$448.98 €502.45 ₽5.45

Қарағанды облысында отбасылық жанжал пышақ жарақатымен аяқталды

Қарағанды облысында отбасылық жанжал пышақ жарақатымен аяқталды
Фото: ұлт.кз

Қарағанды облысының Абай қаласында отбасылық жанжал кезінде ер адам өз әйелін пышақтап жарақаттады. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Astana TV.

Полицияның мәліметінше, 28 жастағы әйел пышақ жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Оқиға туралы құқық қорғау органдарына жедел жәрдем диспетчері хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал барысында 34 жастағы ер адам пышаққа жармасқан.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал зардап шеккен әйел дәрігерлердің бақылауында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.