Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Astana TV.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, SAZ маркалы автобустың жүргізушісі Абай даңғылымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, алдында тоқтап тұрған Golden Dragon автобусына соқтығысқан.
Зардап шеккендер жоқ.
Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.