4 ақпанда екеуі қайта кездесіп, қыз уақытша тұрып жатқан құрбысының үйіне барған. Іс материалдарына сүйенсек, ер адам сол пәтерде қызды тұншықтырып өлтірген, деп Astana TV тілшісі Криминальный Казахстан телеграмм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыдан кейін ол қыздың банк шотындағы ақшаны досының шотына аударып, такси шақырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Досы ақшаның не үшін аударылғанын сұрағанда, ол тек смайлик жіберген.
Келесі күні ер адам досынан ақшаны қолма-қол шешіп беруін өтініп, Таразға қарай жолға шықпақ болған. Алайда оны жолда полиция ұстады. Ал қыздың мәйітін әпкесі мен құрбысы тауып алған.
Сотта айыпталушы ақшаны жымқырғанын мойындаған. Бірақ қызды қасақана өлтірмегенін айтып, айыпты абайсызда кісі өліміне себеп болу бабына ауыстыруды сұраған. Алайда сот бұл уәжбен келіспей, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енді. Дегенмен марқұмның әпкесі сот тағайындаған жаза тым жеңіл деп санайды.