Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

2017 жылы мемлекеттік органдар сайтына 20 миллиардқа жуық кибершабуыл жасалған

AstanaTV
12.04.2018ж. 20:00
3296
2017 жылы мемлекеттік органдар сайтына 20 миллиардқа жуық кибершабуыл жасалған

Мемлекеттік органдарда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін ІТ мамандар жоқтың қасы. Ал ресми орган сайттарына жасалатын кибершабуыл бір жылда 20 миллиардқа дейін артқан. Бұл туралы бүгін Астанада өткен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы форумда айтылды. Мемлекеттік органдардың ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жасалатын кибершабуыл көп. Мұны Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әбдіқалықов айтты.

Руслан Әбдіқалықов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

Шабуыл сәт сайын, секунд сайын әлемнің кез-келген елінен болып тұрады. Мысалы, 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық құрылымдарға 1 млрд-қа жуық шабуыл жасалса, өткен жылы ол 20 млрд-қа жетті. Ал, жеке бизнестерге қанша шабуыл жасалып жатқанын бір Құдай білсін.

Ал, кибершабуылдарды талдау мен сараптау орталығының мамандары мемлекеттік органдар киберқылмысты тергеп-тексеруге құлшыныс білдірмейтінін айтты. «ЦАРКА» орталығының ІТ мамандары мемлекеттік орган сайттарын бұзбақ болған хакерді анықтаған. Ақпарат Ішкі істер министрлігіне жолданғанымен, бұл іспен ешкім айналыспаған.

Арман Әбдірасылов, «Царка» кибершабуылдарды талдау мен сараптау орталығының басшысы:

Хат жаздық, ІІМ-не осылай да осылай, кибератака болды осындай жерде, сосын бірігіп, бізде бір маман бөліп, бар ақпаратты жібердік. 3-4 жылдай өтті, бірақ ол іс әлі қозғалған жоқ орнынан.