Шетел
валютасымен ипотека алған қазақстандықтардың қарызын қайта қаржыландыруға 133
миллиард теңге бөлінбек. Бас банкир бұл туралы қаулыға қол қойған. Онда қаражат
банк секторындағы қаржылық тұрақтылықты арттыруға арналған бағдарламадан
алынсын делінген. Демек, банктерді "құтқаруға" бөлінген ақшадан
беріледі.
Бұған дейін Данияр Ақышев қайта қаржыландыру туралы бағдарламаның
қабылданғанын, ол жыл соңына дейін жүзеге асатынын айтқан болатын. Жеңілдікті
2016 жылдың 1-ші қаңтарына дейін шетел валютасымен ипотекалық несие
рәсімдегендер ала алады. Бұған тек бір баспанасы бар тұрғындарға ғана қатыса
алады. Ал ипотека рәсімдегендердің несиесін қайта қаржыландыруды президент
биылғы жолдауында Ұлттық банкке тапсырған болатын.