Отандастарымыз 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 22-орынға жайғасты, деп хабарлайды Astana TV.
Ел қоржынына алғашқы алтынды дзюдошы Фатима Супыгалиева салды. Сондай-ақ велоспорттан сынға түскен Анель Ташбай да жарыс жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдеге боксшылар Ақнұр Тұрсынғали мен Бибарыс Әшірбай, сондай-ақ семсерлесуші Айбар Қайым қол жеткізді.
Ал қола медаль Марал Төлепберген, Любовь Юн және Рамазан Айнеговтың еншісіне бұйырды.