Негізгі / Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сотталған туыстарының жазасын жеңілдетуді сұрайды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сотталған туыстарының жазасын жеңілдетуді сұрайды

Шығыс Қазақстан облысында төбелестен соң 11-ден 15 жарым жылға дейін сотталған 3 жігіттің туыстары олардың жазаларын жеңілдетуді сұрайды.  Бүгін олар арнайы брифинг өткізді. Екі күн бұрын облыстық сот олардың апелляциялық арыздарын өзгеріссіз қалдырған. Енді олар Жоғарғы сотқа шағымданбақ.

Оқиға Үржар ауданының орталығында болған. Мейрамханадан шыққан қонақтар күзетшімен жанжалдасып, оны соққыға жыққан. Кейін жәбірленуші кешірім берген. Айтуларынша, көңіл көтеру мекемесі иесінің баласы сол кезде облыс прокурорының көмекшісі болған көрінеді. Сотталғандардың туыстары жәбірленуші бұл іске өз лауазымын пайдаланды деп отыр. Олар тағайындалған жаза қатал деп санайды.

Жанболат Әкежанов, қорғаушы: 

Садықов прокуратура қызметкері бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, басында бұзақылық бабымен іс қозғайды. Садықов өзінің тағы да қызметін пайдаланып, бұл бұзақылық ісін қасақана адам өлтіру бабымен алмастырады. Осы іс бойынша іс апелляциялық сатыдан өтіп, Бопаев 15 жыл 6 ай, Қарсабаев 12 жылға, Аубакиров 11 жыл 3 айға бас бостандықтарынан айырылып отыр. Оларға осындай заңсыз, ауыр үкім шығып отыр.