$444.3 €490.91 ₽5.41

Кентауда есірткіні жарнамалайтын 60 граффити өшірілді

Кентауда есірткіні жарнамалайтын 60 граффити өшірілді
Polisia.kz

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі заттарын жарнамалайтын заңсыз граффити жазуларын анықтап, оларды жоюда, деп хабарлайды Astana TV.

Мәселен, Кентау қалалық полиция бөлімінің полицейлері тұрғын үйлердің, гараждардың және қараусыз қалған ғимараттардың қабырғаларынан есірткі заттарын сатуды насихаттайтын 60 граффити жазуын анықтады. Олардың барлығы толығымен өшірілді. Мұндай жазулар есірткі саудасын жасырын жарнамалау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан полицейлер оларды анықтап, жоюмен қатар, тұрғындар арасында есірткі қылмысының зияны мен заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Полиция қызметкерлері бұл бағыттағы профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырады.