$444.4 €488.97 ₽5.39

Қойма мен жүк көліктері өртенді

Қойма мен жүк көліктері өртенді
фото скрин

Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шығып, қоймалар мен жүк көліктері отқа оранды, деп хабарлайды Astana TV.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаөзеннің солтүстік өнеркәсіптік аймағында бір-бірінен бөлек орналасқан үш қойма ғимаратынан, екі жүк көлігінен және дизель отынынан өрт шыққан.

Өрт толық сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.