Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарлық мектепте 9 жыл қатарынан өткізілген тестілеу заңсыз деп танылған

AstanaTV
13.04.2018ж. 20:00
2853
Павлодарлық мектепте 9 жыл қатарынан өткізілген тестілеу заңсыз деп танылған

Керекуде оқушылар арасында тестілеу ұйымдастырған ресейлік университет өкілдерінің басы дауға қалды. 11-ші сынып арасында өткізілген сынақ заңсыз болып шықты. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Басқарма дерегінше, 22 наурызда қалалық №6 орта мектепте тестілеу өткен. Оны Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің мамандары ұйымдастырған. Әрекеттің заңсыз екенін анықтаған аймақтың бас ұстазы оқиға орнына жергілікті көші-қон полициясы мен ішкі істер органдарын шақыртқан.

Дінислам Болатұлы, Павлодар облыстық білім басқармасының басшысы:

Біз ашық білім беру кеңістігінде жұмыс істейміз. Біздің балаларымыз шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсетін болса, тек қуанамыз. Біз Ресейдің білім беру мекемелерімен ғана емес, әлемнің барлық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа дайынбыз. Бірақ біз «көшедегі ретсіз сауда-саттыққа» қарсымыз. Барлығы өркениетті және заң аясында болуы тиіс.

Дінислам Болатханұлының айтуынша, мұндай жұмыстар уәкілетті органдардың, яғни білім басқармасының, келісімі бойынша жасалуы тиіс. Алайда біз одан бейхабармыз,- деді. Сондай-ақ, басқарма өкілі Павлодар мектептерінде мұндай сынақ осымен 9 жыл қатарынан өткізіліп келгенін айтты. Сынақты жергілікті Славян орталығы ұйымдастырған. Оның төрайымы Татьяна Кузина бұл әрекеттің заңға қайшы екендігін білмедім деді.

Татьяна Кузина, Павлодар облысы Славян мәдени орталығының төрайымы:

Мен өзімнің қателігімді мойындаймын. Шындап келгенде, оны қателік деп санамадым да. Біз наурыздың 22-күні балалар орталық алаңда серуендеп келген соң, оқу үрдісіне бөгет жасамай, тестілеуді өткіземіз деп ойладық.