$444.4 €488.97 ₽5.39

ҚазҰУ жатақханасында студенттің өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

ҚазҰУ жатақханасында студенттің өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Ашық дереккөз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында бірінші курс студенті қайтыс болды. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екінші курс студенті ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, студенттер арасындағы жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласқан, деп хабарлайды  Astana TV Kozachkov offside телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні университет қалашығындағы жатақханалардың бірінде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері барған.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, сол күні кешке екінші курс студенттері бірінші курсқа жаңадан түскен студенттерді әңгімеге шақырған. Университет ішінде тараған болжамдардың біріне қарағанда, жоғары курс студенттері кіші курстағылардан ақша талап еткен. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туындаған.

Жанжал кезінде екінші курс студенті бірінші курс студентінің іш тұсына үш рет жұдырықпен соққы жасаған. Салдарынан жігіт құлап, есін жимаған. Шақырылған дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтаған.

Алдын ала медициналық мәлімет бойынша, өлімге іштің жоғарғы бөлігіне тиген жабық жарақат салдарынан жүректің рефлекторлы тоқтауы себеп болуы мүмкін.

Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Ерсайын Айтқали ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол дене жарақатын салғанын мойындағаны хабарланды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл бап абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді көздейді.