$444.4 €488.97 ₽5.39

16 жылқыны үйірімен айдап әкеткен: Жамбыл облысында мал ұрысы ұсталды

16 жылқыны үйірімен айдап әкеткен: Жамбыл облысында мал ұрысы ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында 16 жылқыны ұрлап, оның жетеуін сойып, етін сатып жіберген 44 жастағы ер адам ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымдардың бірінде болған. Тергеу мәліметінше, күдікті қараусыз жайылып жүрген жылқыларды байқап, оларды қолды етуді ұйғарған. Ол өз атына мініп, 16 жылқыны үйірімен бірге айдап әкеткен.

Кейін ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені анықталды. Осылайша, мал иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазір аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.