$443.96 €487.73 ₽5.38

16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салынбақ

18.11.2026ж. 11:03
16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салынбақ
фото: pixabay

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың онлайн-платформаларға тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Елімізде онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейту, балаларды зиянды контенттен қорғау және цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын сақтау көзделіп отыр. Осыған орай 16 жасқа толмаған балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салу, 5 мыңнан астам жазылушысы бар аккаунттарды сәйкестендіру және платформаларға Қазақстанда заңды өкілдік ашу міндетін жүктеу ұсынылады. Бұл туралы Құрылтай отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев айтты.

Цифрлық ортада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Қазір балалардың онлайн-платформалардағы ақпаратқа, соның ішінде зиянды және деструктивті контентке қол жеткізуін іс жүзінде шектеу мүмкіндігі шектеулі, - деді министр.

Арман Қырықбаев заң жобаларында көзделген негізгі жаңашылдықтарды төрт бағытқа бөліп қарастыруға болатынын атап өтті.

- Бірінші. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету. 2026 жылдың 10 айындағы мониторинг нәтижелері бойынша платформаларда заңға қайшы 128 мыңнан астам материал анықталды. Алайда олардың тек қана 70 пайызы өшірілді. Бұл платформалардың заңнама талаптарын орындау жауапкершілігін күшейту қажеттігін көрсетеді, - деді.