16 қарашада кәмелетке толмаған екі қыздың әкесі полицияға арызданған. Оның айтуынша, қыздары бірнеше рет бір топ адамның зорлық-зомбылығына ұшыраған, деп хабарлайды Astana TV.
Туыстарының мәліметінше, жасөспірімдерді ұрып-соғып, алкоголь ішуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ оларға темекімен дене жарақатын салған және жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұдан бөлек, интимдік сипаттағы фото мен бейнежазбаларын жариялаймыз деп қорқытқаны айтылды.
Қыздардың ағасының сөзінше, оларды жалдамалы пәтерлерге апарып, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Оның айтуынша, бұл іске шамамен 20 адам қатысуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған қылмыстар бірнеше рет және әртүрлі жерде жасалған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта алты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.