$448.72 €493.86 ₽5.49

45 атыс қаруы тәркіленді

45 атыс қаруы тәркіленді
ҰҚК

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

2026 жылғы қазан-қараша айларында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 өңірінде (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында) қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын іс асырды, деп хабарлайды Astana TV.

Жалпы 45 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша, сондай-ақ 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.