$448.72 €493.86 ₽5.49

Соңғы жеті жылда азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті – Президент

Соңғы жеті жылда азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті – Президент
Ақорда

Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады

Соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы саласында жемісті нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Astana TV.

Азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті.

Жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 1 630 инвестициялық жоба іске қосылды.

Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады.

Соның ішінде өңделген өнім үлесі 52 пайызға жетті.

Былтыр елімізде соңғы жиырма жылдың ішінде алғаш рет ауыл шаруашылығына қатысты ұлттық санақ жүргізілді. Санақ кезінде цифрлық технологиялар қолданылды.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы жан-жақты әрі нақты мәлімет алынды. Осы саланың шынайы ахуалын көрсететін толыққанды деректер жиналды.

 

Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор. Басты міндет – қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, уақытты созбай, белсенді түрде жұмысқа кірісу керек, – деді Президент.