Скрипальдар «жаңа» деп аталатын улы заттан зардап шеккен. Атышулы іске қатысты осындай қорытынды жасалған еді. Британдық Порт-Даун зертханасында жасалған сараптамаға Шпиц зертханасының мамандары да күмән келтірмейді. Бұл туралы олар Twitter-де жазды.
Бұдан бұрын, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров химиялық қаруға тиым салу ұйымының қорытындыларына сенімсіздік білдірген. Оның сөзінше, клиникалық көріністерге қарағанда Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Батыс елдерде кең тараған BZ затымен уланған болуы мүмкін. Ол сараптама нәтижесінде де анықталды. Бірақ Швейцария ғалымдары Порт-Даундағы әріптестерінің зерттеуі күмәнсіз деп санайды.
Біз он күн бұрын айтқанымызды қайталай аламыз. Уланудың Порт-Даун анықтаған «жаңа» деп аталатын улы заттан болғанына еш күмәніміз жоқ. Олардың жұмыс істеу стандарттары өте нақты. Сондықтан жасаған қорытындысына шүбәсіз сенеміз.
Еске
салайық, бас барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен оның
қызы британияның Солсбери қаласында белгісіз заттан уланған болатын. Ресми
Лондон бұл жағдайға Ресейдің қатысы бар деп жариялады. Мұнан соң бірнеше
дипломатты кері аттандырған.