Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы құрмет белбеуіне ие болды. Марапаттау рәсімі Мексиканың астанасы Мехикода өтті, деп хабарлайды Astana TV.
Белбеуді әншіге WBC елшісі кіші Гектор Сулейман, Әлихан Жарылғапов және кеңестің өзге де өкілдері табыстады.
Димашты марапаттау туралы бастаманы WBC президенті Маурисио Сулейман көтерген. Ол рәсімге өзі қатыса алмады.
“Қазақстаннан – бүкіл әлемге. Мехикода Димаш Құдайбергенге WBC-дің арнайы белбеуін табыстау – мен үшін үлкен мәртебе. Ол – әлемдік сахнаның чемпионы”, – делінген жарияланымда.