$455 €498.77 ₽5.56

Қар, көктайғақ, тұман: 22 қарашаға арналған ауа райы

22.11.2026ж. 08:16
Қар, көктайғақ, тұман: 22 қарашаға арналған ауа райы
Фото: pixabay

Бүгін, 22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Astana TV.

 "Қазгидромет" болжамынша, жексенбі күні:

• Елдің көп бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады;

• Оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр күтіледі;

• Оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін;

• Республика бойынша тұман, көктайғақ және екпінді жел болжанады.

Ал шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.