$455 €498.77 ₽5.56

Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

22.11.2026ж. 13:10
Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Фото: International Judo Federation

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Astana TV.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, алтын медаль иеленді.