$458.28 €501.45 ₽5.59

«Ғажайып ғасыр» жұлдызы Дениз Чакыр есірткі мен жезөкшелік ісі бойынша ұсталды

«Ғажайып ғасыр» жұлдызы Дениз Чакыр есірткі мен жезөкшелік ісі бойынша ұсталды
Ашық дереккөз

Түркияның танымал актрисасы, «Ғажайып ғасыр» («Великолепный век») сериалында Шах-сұлтанның рөлін сомдаған Дениз Чакыр және шоу-бизнес өкілдері есірткі мен жезөкшелікке қатысты тергеу аясында ұсталды. Бұл туралы Haberler басылымына сілтеме жасаған AstanaTV хабарлайды.

Ыстанбұл прокуратурасы 35 күдіктіні ұстау туралы шешім шығарған. Олардың қатарында түрік шоу-бизнесінің танымал өкілдері бар.

Ұсталғандар арасында әнші Өзджан Дениз, актриса Дениз Чакыр, Эрдал Бозкуш және Джем Карджы бар. Сондай-ақ тізімде актриса Бурджу Өзберк пен «Survivor» жобасының жүргізушісі Мұрат Джейлан да аталған.

Тергеу есірткі заттарын заңсыз сату, жеткізу, сақтау және тұтыну деректерін қамтиды. Бұдан бөлек, күдіктілерге жезөкшелікке қатысты айыптар да тағылып отыр.

Қазіргі уақытта ұстау туралы шешім шығарылған 35 адамның 19-ы қолға түскен. Қалған күдіктілерге қатысты процессуалдық шаралар мен тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ыстанбұлда есірткі мен жезөкшелікке қатысты тергеу аясында танымал актерлер мен музыканттарды қоса алғанда, 22 адам ұсталған болатын.

Сондай-ақ қыркүйек айында Түркияда «Ғажайып ғасыр» сериалының тағы бір жұлдызы Арас Булут Ийнемлидің есірткі айналымына қатысты іс бойынша ұсталғаны хабарланған еді.