$458.85 €503.5 ₽5.59

Эбола жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

26.11.2026ж. 23:40
Эбола жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты
ФОТО: @Xin Huashefa/XinHua/Global Look Press

Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегімен ауырғандардың зертханалық жолмен расталған саны 12 мыңнан асты, деп хабарлайды AstanaTV.

ТАСС ақпаратынша, бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына кіретін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институты хабарлаған. 

Соңғы 24 сағат ішінде безгекпен ауырудың 66 жаңа жағдайы анықталды. Зертханалық жолмен расталған өлім жағдайларының саны - 5 904, тәулік ішінде ол 37 адамға артты. Өлім-жітім көрсеткіші - 49,1%, Эбола жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды бақылау деңгейі - 85,1%. Медициналық изоляторлар мен карантинде Эболаға күдікті 1 092 науқас жатыр.

Мамыр айында КДР мен Угандада басталған Африкадағы қазіргі Эбола індетін сирек кездесетін «Бундибуджио» вирусы тудырған; оған қарсы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сертификаттаған дәрілер мен вакциналар жоқ. Індет ошағы Конгоның Итури провинциясында орналасқан. Уганда билігі 28 шілдеде елдегі індеттің аяқталғанын жариялады, кейін мұны ДДҰ растады. 6 қазанда Кения билігі елде Эбола жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. 20 қазанда Нигерия Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында Эбола дертінің анықталғанын хабарлады.