Алматы қаласы Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрттен кейін аудан әкімдігі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсету үшін жедел шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды AstanaTV.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, баспанасы өрттен зардап шеккен 9 адам қонақүйге орналастырылған. Оларға заңгерлік көмек көрсетіліп, құжаттарын қалпына келтіруге жәрдем берілген. Сондай-ақ аудан әкімдігі дін өкілдерімен бірлесіп, марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруда.
Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.